Барлықтарыңызға сәлем!
tleubek_zhanelya
Жалпы мен бүгін Азиядағы топонимикалық жүйенің ішкі ерекшеліктері жайлы айтқым келеді.Сондықтан жеке аймақтар бойынша осы мәселені талдайық.Оңтүстік-Батыс Азиядағы шөлдердің атаулары негізінен иран, түркі, араб тілдерінде жасалған. Бұл аймақтағы атаулардың басым көпшілігі халықтық географиялық терминдер мен этноним, антропонимдер негізінде қалыптасқан. Түркияда түрік тіліндегі географиялық терминдер атаулар құрамында жиі кездеседі: богаз - «тау арасындағы жол», құю - «құдық», кале - «қала».Иран мен Ауғанстанда иран тілдері негізінде қалыптасқан географиялық атаулар көп.Бұл атаулар құрамында ирандық географиялық терминдер кездеседі: абад - қала, дашт - шөл, дешт - жазықАраб атауларының құрамында мынадай географиялық терминдер жиі кездеседі: джебель - «тау», рас - мүйіс,риф - жағалау